Түркия жаһандық медицина нарығынан маңызды үлес алғысы келеді

Ердоған жаһандық медицина нарығынан 10 миллиард долларлық үлес алуды көздегендерін білдірді.

1841190
Түркия жаһандық медицина нарығынан маңызды үлес алғысы келеді

Президент Режеп Тайып Ердоған жаһандық медицина нарығынан 10 миллиард долларлық үлес алуды көздегендерін білдірді. 

Ердоған Стамбулда Боғазичи Университеті Кандилли ғылым, технология және зерттеу ғимаратының беташар бағдарламасында сөз сөйледі. Ердоған "Жоғарғы технология базасы"атты бұл ғимараттың Түркияның зерттеу, дамыту және жаңалық жарату жүйесіне маңызды үлес қосатынына сенгенін айтты. 

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті кезеңінде медициналық секторының кем дегенде қорғаныс өнеркәсібіндей маңызды екенін түсіндірген Ердоған медициналық сектордың қажеттіліктерін отандық және жергілікті мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, ұлттық бюджет кемшілігін азайқығы келгендерін баяндады.  

Күшті бір медициналық инфрақұрылымына ие емес елдердің қаншама бай болса болсын, үлкен қауіп алдында шарасыз қалғанын баяндаған президент Ердоған "Түркия соңғы 20 жылдан бері әр салада болғандай медициналық инфрақұрылымына да инвестиция салудың арқасында осы үлкен дағдарыстан аз шығынмен аман-есен шықтық" деді. 

Әлемнің түкпір-түкпірінен диагноз және емдеу үшін миллиондаған адамның Түркияға келгенін, сондай-ақ миллиард доллар жұмсағанын білдірген Ердоған "Алдымыздағы жыл Алла бұйырса 1,5 миллион шетелдік ауруға қараймыз. Жаһандық медицина нарығынан 10 миллиард долларлық үлес алуды көздеудеміз" деді. 

Түркияның азық-түлік секторында өзін өзі қамдаумен бірге әлемнің сұраныстарын да қамтамасыз еткенін түсіндірген Ердоған "Түркия әр салада болашақтың сенімді елдерінің басында орын алуда" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар