Лавров Түркия-Армения қарым-қатынастарына тоқталды

Ресей Сыртқы істер министрі Сегей Лавров Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсуіне риза екенін айтты.

1840681
Лавров Түркия-Армения қарым-қатынастарына тоқталды

Ресей Сыртқы істер министрі Сегей Лавров ресми сапармен Арменияға барды. Лавров Армения астанасы Ереванда Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті. Сергей Лавров кездесуден кейін мәлімдеме жасады. 

Лавров мәлімдемесінде Оңтүстік Кавказ аймағына байланысты 3+3 форматтындағы аймақтық ынтымақтастығы платформаның маңызды екенін түсіндіріп, "Бұл аймақ елдері және көршілері арасында диалогтың құрылуы және жан-жақты ынтымақтастықтың дамытылуы үшін қосымша және маңызды бір канал болып табылады" деді. 

Лавров Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қою процесіне қолдау беруге дайын екендерін баяндады. 

Сергей Лавров "Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсуіне ризамыз. Бұның да аймақтағы жағдайдың жалпы беттік жақсаруына үлес қосуы керек" деген сөздер қолданды. 

Украинада порттардың ашылуы және дәнді тақылдардың тасымалдануы мәселесін еске салған Лавров "Түрік әріптестеріміздің Киевті осы процесті ұзартуынан бас тартуға көндіру жөніндегі талпыныстарына оң қараудамын" деп көрсетті. 

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян болса Қарабах мәселесіне тоқталып, "Оңтүстік Кавказ аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуы келіссөздер арқылы жүзеге асырылады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар