Түркия елінің ресми атауы өзгерді

Президент Режеп Тайып Ердоған "Еліміздің халықаралық ресми атауы "Türkiye" ретінде өзгерді" деді.

1838827
Түркия елінің ресми атауы өзгерді

Кеше астана Анкарада Президенттік сарайдағы кабинет жиналысынан кейін халыққа үн қатқан президент Режеп Тайып Ердоған өткен апта Біріккен Ұлттар Ұйымында Түркияның халықаралық саласындағы рәсми атауының «Turkey»-ден «Türkiye»-ге өзгертілгендерін білдірді.

Президент Ердоған "Бұдан кейін халықаралық салада өз орган және ұйымдарымыз, азаматтарымыз кеудесін кере отырып мемлекеттің атауын "Türkiye " деп айта алады. Енді  "Turkey" атауы қолданылмайды, "Türkiye" атауы қолданылады. Барлық құжаттарымызда мемлекеттің барлық органдарымен бірге "Türkiye" атауы жазылады. Бүгін кабинет жиналысында осы шешімді қабылдадық. Мысалы Біріккен Ұлттар Ұйымында да бұл атау қолданылды" деген сөздер қолданды.  

Климат өзгерістері салдарынан өрттер, селдер, дауылдар артуда. Осындай кезде өздерінің бүгіннен болашаққа беталатын бір көзқарасқа шоғырланғандарын айтқан Ердоған Түркияның әлемде орман ресурстарын көбейткен некен-саяқ елдердің бірі екенін атап өтті. 

2053 көзқарастарының орталығына климат өзрегістерімен күрес жобаларын қойғандарын түсіндірген президент Ердоған Климат жиналысында барлық секторлардың істейтін жұмыстарын белгілегендерін, сондай-ақ "Климат заңын" дайындай бастағандарын атап өтті.  

Ердоған осы аяда энергияда күннен желге дейінгі жаңалануға болатын салаларда салған инвестияларды тіпті көп арттырғандарын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар