Түркия Бангладештегі жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі Бангладеш үкіметі мен халқына көңіл айту жеделхаты жолдады.

1838018
Түркия Бангладештегі жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде сенбі күні Бангладештің Читтагонг қаласы маңындағы контейнер қоймасында орын алған жарылыс пен өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны хабарланды.

Мәлімдеме «Дос және бауырлас Бангладеш халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз, қайтыс болғандарға Алланың рақымын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз» деді.

Бангладеш ақпарат құралдарының хабарлауынша сенбі күні Читтагонг қаласында болған жарылыс пен өрт салдарынан 49 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар