Министр Акар украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Украинадағы кемелер мен ұшақтардың елге қауіпсіз оралуы тақырыбы талқыланды.

1838481
Министр Акар украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар украиналық әріптесі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Резников әңгіме барысында Украина порттарында күтіп жатқан коммерциялық кемелер мен A400M әскери жүк  ұшақтарының Түркияға қауіпсіз түрде оралуын қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдары басталған соң кейбір сауда-саттық кемелер мен гуманитарлық жәрдем тасымалдаған әскери жүк ұшақтары Украинадан шыға алмаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар