Дөнмез: "Қаратеңіз табиғи газында маңызды бір сатыны тағы артта қалдырдық"

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез мәлімдеме жасады.

1838167
Дөнмез: "Қаратеңіз табиғи газында маңызды бір сатыны тағы артта қалдырдық"

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіз табиғи газы жобасында маңызды бір кезеңнің тағы артта қалғанын білдірді.

Фатих Дөнмез кеше Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада Қаратеңізде ашылған 540 миллиард текше метр табиғи газды құрлыққа жеткізу жұмыстарын бағалады.

Дөнмез «Қаратеңіз табиғи газы жобасында маңызды бір сатыны тағы артта қалдырып, мақсатқа бір қадам жақындадық. Құбырларды теңіз түбінен төсейтін кеме кеше Дарданел бұғазынан (Зонгулдак) өтіп, Филосқа (портқа) қарай бет алды» деді.

28 мамыр күні вице-президент Фуат Октаймен Филос табиғи газ өңдеу зауытының құрылысын зерттеген Дөңмез Қаратеңіз газының өтуіне мүмкіндік беретін алғашқы құбырлардың 10 маусым күні құрлықтан төселе бастайтынын, шілде айы ішінде теңіздің терең жағындағы құбырларды төсейтін платформаның Түркияға келетінін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар