Түркия Кабулда 500 ауған отбасына жәрдем пакеттерін таратты

Салтанатты шарадан кейін 500 отбасына азық-түлік пакеттері таратылды.

1836114
Түркия Кабулда 500 ауған отбасына жәрдем пакеттерін таратты

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанның бас қаласы Кабулда 500 отбасына гуманитарлық жәрдем жасады.

Ауғанстан Қызыл Жарты Ай қоғамының орталығында ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Түркияның Ауғанстандағы елшісі Джихад Эргинай мен Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамы төрағасының орынбасары Мевлеви Нуреддин Тураби қатысты.

Салтанатты шарадан кейін 500 отбасына азық-түлік пакеттері таратылды.

Әрбір жанұяға 5 келі сұйық май, бір-бірден көрпе мен киім-кешек, бұршақ, қант, шай, макарон және томат пастасы сияқты өнімдерді қамтитын 36 келіден тұратын азық-түлік пакеттері берілді.

Салтанатты шарамен Түркиядан Ауғанстанға гуманитарлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатты жіберілген 4 «Игілік пойызы» тасымалдаған материалдарды толығымен тарату аяқталды.

Салтанатты шарада сөйлеген Түркияның Ауғанстан елшісі Джихад Эргинай «Игілік пойызы» арқылы жалпы 5 мың тоннаға жуық гуманитарлық жәрдем материалы жеткізілгенін, бұлардың елдегі 34 уәлаятта бірнеше рет таратылғанын білдірді.

Ауғанстан халқына Түркия мен мекемелерінің жәрдем шараларын жалғастыратынын атап көрсеткен Ергинай «Осы игілік пойыздарымен келген гуманитарлық көмектен барлығы 50 мың отбасына тікелей жеткіздік. Сондай-ақ жанама түрде жеткізген он мыңдаған адам мен отбасы бар. Бұл Түркия мен түрік халқының Ауғанстанды тұтастай қабылдап, әрбір азаматын, әрбір уәлаятын құшақ жая қабылдағанын көрсетеді» деді.

Ауғанстан Қызыл Жарты Ай қоғамы төраға орынбасары Мевлеви Нуреддин Тураби болса экономикалық дағдарыстың баршаға қатты әсер еткенін атап, жәрдемдердің жалғасына тілек білдірді.

Тураби көмектері үшін Түркия мен мекемелерге алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар