TRT Бас директоры маңызды мәлімдеме жасады

TRT Бас директоры Мехмед Захид Собажы «Ислам және шетелдік дұшпандығына қарсы тұрамыз» деді.

1826767
TRT Бас директоры маңызды мәлімдеме жасады

TRT Бас директоры  Собажы маңызды мәлімдеме жасады.

Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) Бас директоры Мехмед Захид Собажы «Ислам және шетелдік дұшпандығына қарсы тұрамыз» деді.

TRT француз тілінің таралымының таныстырылуында мәлімдеме жасаған Мехмед Захид Собажы «Француз тілі TRT-нің ең негізгі миссияларының бірі болып табылады. Француз тілінде сөйлейтін елдердің саясат, экономика, әлеуметтік және мәдениет тақырыптарын, сондай-ақ Африка құрлығындағы оқиғаларды TRT гуманитарлық принцибі негізінде таралым жасалуда. Әлем бойынша 300 миллионнан астам адамдар сөйлеген бұл тілде қызмет ұсынылуда.Бұл таралым адамдарға жаңа ой-пікір салады. Санасының оянуына серпіліс береді. Оқиғаларды  тек осы таңдағы ғана емес,  өткен тарихты еске салады, болашаққа жөн сілтейді. Ой жүйенің кеңеюіне мүмкіндік береді» деді.  

TRT француз тілінің барша әлемде тез қанат жайған Ислам және шетелдік дұшпандығына қарсы күресті көздегенін түсіндірген Собажы «Сонымен қатар TRT француз тілінің желімізге қосылуымен бірге, әсіресе Еуропа болып, негізінен барша әлемде кең қанат жайған Ислам және шетелдік дұшпандығына қарсы тұрамыз. Түркияның жаһандық гуманитарлық саясаттарының атқарылуында маңызды бір рөл аламыз. Мәдениет, көркемөнер, спорт және тарих саласындағы байлықтарымызды тіпті көп адамға жеткіземіз. Бұны ынталандыру, өзара түсініктің негізін қалау, сондай-ақ бұны  мәдени түрліліктің құралы болу үшін жасаймыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар