Гаитиде 8 түрік азаматын алып қашты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеме жасады.

1824378
Гаитиде 8 түрік азаматын алып қашты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Гаитиде алып қашқан түрік азаматтарын құтқару үшін бұл елде төтенше жағдай бөлімшесі құрылғанын мәлімдеді. 

Мевлүт Чавушоғлу Президенттік сарайда өткен Министрлер кабинеті отырысының артынан журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды. 

Гаитиде араларында 8 түрік азаматы бар ұрланған бір жолаушылар автобусы туралы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Чавушоғлу «Қадағалап отырмыз. Олар дәл қазір Гаитиде төтенше жағдай бөлімшесін құрды» деді. 

Алып қашу себебі ретінде төлемақы сұраулары мүмкіндігінің қарастырылғанын білдірген Чавушоғлу түрік азаматтарының денсаулығына қатысты теріс ақпарат болмағанын баса айтты. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кейін Гаити Сыртқы істер министрі Жан Виктор Генеуспен оқиғамен байланысты телефон арқылы сөйлесті. 



Ұқсас жаңалықтар