Президент Ердоған елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясындағы ресми сапарын аяқтап елге оралды.

1820922
Президент Ердоған елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясындағы ресми сапарын аяқтап елге оралды.

Ердоған Түркия уақыты бойынша сағат 02:00-де Джидда қаласынан арнайы «ТУР» ұшағымен Стамбул Ататүрік әуежайына келді.

Президенттің біргесіне жұбайы Эмине Ердоған, Әділет министрі Бекир Боздағ, Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Сауда министрі Мехмет Муш, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Президенттің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Президент әкімшілігінің басшысы Метин Кыратлы және Президенттік жеке хатшысы Хасан Доған бірдей ұшақпен елге оралды.

Президент Ердоған жұбайы Эмине Ердоғанмен әуежайдан шығып, Кысыклыдағы резиденциясына келді.

Ердоған бейсенбі күні Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдулазиз әл-Саудтың шақыруымен екі күндік сапар аясында Сауд Арабиясына барған еді.



Ұқсас жаңалықтар