Ибрахим Калын мен Этторе Секуи кездесті

Ибрахим Калын Италия Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Этторе Секуимен кездесті.

1811530
Ибрахим Калын мен Этторе Секуи кездесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Италия Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Этторе Секуимен кездесті. 

Жасалған мәлімдемеге қарағанда астана Анкарада Президенттік сарайындағы кездесуде екі ел қарым-қатынастары, Ресей-Украина соғысы және Ливиядағы оқиғалар қолға алынды. 

Кездесуде соғыстағы соңғы оқиғалар, азық-түлік қауіпсіздігі, энергия қауіпсіздігі және соғыстың жаһандық экономикаға болған ықпалдары талқыланды. Сонымен қатар кездесуде  босқын санының артуына деген алаңдаушылық тілге тиек етілді. 

Кездесуде Түркия мен Италия арасындағы сауда көлемінің қысқа мерзім ішінде 30 миллиард долларлық нысанаға жетуі керектігі баяндалды, сондай-ақ қорғаныс, энергия саласындағы ынтымақтастығының арттырылатыны атап өтілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар