Акар украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен сөйлесті.

1809219
Акар украин әріптесімен телефонда сөйлесті

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар украиналық әріптесімен әңгімесі барысында Ресеймен жалғасып жатқан соғыста дипломатиялық шешімге көмектесу және адам шығынын көбейтпеу үшін мүмкіндігінше тез арада атысты тоқтатуды жариялаудың маңыздылығына назар аударды.

Әсіресе Мариупольдан бастап бейбіт тұрғындарды құрлық пен теңізден қауіпсіз түрде эвакуациялаудың өзектілігіне баса назар аударған Акар Түркияның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін өз үлесін қосуды әрдайым жалғастыратынын тағы бір рет қайталады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар