Калын мен Нуланд Президенттік сарайда бас қосты

Türkiye АҚШ-пен стратегиялық механизмінің жүзеге асуына ризашылық білдірді.

1807522
Калын мен Нуланд Президенттік сарайда бас қосты

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Сыртқы істер министрлігі саяси істер жөніндегі кеңесшісі Виктория Нуландпен кездесті.

Президенттік сарайдағы кездесуде Ресей-Украина соғысынан бастап Сирия, Әзербайжан, Армения және Израиль сияқты аймақтық мәселелер талқыланса, энергетикалық қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық, екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынастар бағаланды.

Стамбулда 29 наурыз күні өткен кездесудің Ресей-Украина келіссөздеріне оң серпін бергені аталып, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуы тұрғысынан Türkiye-нің маңызды рөл атқарғаны баса айтылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Türkiye-нің атысты тоқтату және гуманитарлық дәліздерді ашу жөніндегі дипломатиялық бастамаларын табандылықпен жалғастыратыны білдірілді.

Türkiye АҚШ-пен стратегиялық механизмінің жүзеге асуына ризашылық білдіріп, бұл механизмнің екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң әсер ететініне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар