БҰҰ Türkiye-ге риза

БҰҰ Украинада бейбітшіліктің орнатылуы үшін көрсеткен талпыныстарына орай Türkiye-ге риза екенін білдірді.

1804690
БҰҰ Türkiye-ге риза

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинада бейбітшіліктің орнатылуы үшін көрсеткен талпыныстарына орай Türkiye-ге риза екенін білдірді. 

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз брифингінде Ресей-Украина соғысының доғарылуына бағытталған кездесулерді қолдайтындарын және бұл кездесулердің табысты болуын тілегендерін айтты. 

Мәлімдемеші Дюжаррик мәлімдемелердің және айтылған сөздердің атқарылуын, сондай-ақ соғыстың тоқтатылуын үміт еткендерін білдірді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының көрсеткіштеріне қарағанда Ресей 24 ақпанда Украинаға қарсы шабуыл жасай бастағаннан кейін  4 миллион адам көрші елдерге кетсе, 6,5 миллион адам ел ішінде қоныс аударды. 

БҰҰ Балаларға жәрдем қорының (UNICEF) мәлімдемесіне қарағанда соғыс салдарынан 2 миллион бала босқынға айналса , 2,5 миллионнан астам бала үйлерінен айрылды. 



Ұқсас жаңалықтар