Чавушоғлу Ислам әлемін береке-бірлікке шақырды

ИЫҰ-ның жиналысы 22-23 наурызда Пәкістанның астанасы Исламабадта өтуде.

1800046
Чавушоғлу Ислам әлемін береке-бірлікке шақырды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) 48-ші Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысына қатысу үшін Пәкістанның астанасы Исламабадқа барды. 

ИЫҰ-ның жиналысы 22-23 наурызда Пәкістанның астанасы Исламабадта өтуде.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ИЫҰ-ның ортақ шағымдарының болғанын білдіріп "ИЫҰ-ның  міндеті-Ислам әлемінің ортақ мүдделерінің үні болу. Үммет ретінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесетін болсақ, онда алдымыздағы барлық тосқауылды жеңе аламыз" деді. 

Чавушоғлу ИЫҰ 48-ші Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысы сессиясында сөз сөйледі. 

Министр Чавушоғлу Ислам дұшпандығының артқанын білдіріп, "Қытайда ұйғырлар және өзге мұсылмандардың дін еркіндіктері мен мәдени құндылықтары шектемелерге ұшырауда. Мұсылмандар ең көп өмір сүрген елдің бірі Үндістан. Үндістанда орамал салу құқығы аяқ астына алынуда" деді. 

Министр Чавушоғлу Ливияда, Сирияда және Йеменде бауырластар қанының төгілгенін атап өтті. 

Чавушоғлу Украинадағы соғыс барысында "Бұл жер Орташығыс емес, Ауғанстан емес, неліктен қан төгілуде?" деген сөздерді естігенін еске салып, "Біз үшін Харьковта төгілген қан мен Халебте төгілген қан бірдей. Өйткені біздің мәдениетіміз осыны бұйырады" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар