Ердоған Израиль президентін күтіп алды

Ердоған: "Аймағымызда бейбітшілік, тыныштық пен бірге өмір сүру мәдениетінің қайта жандануына есе қосу біздің қолымызда" деді.

1792744
Ердоған Израиль президентін күтіп алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Израильмен ортақ нысанасының саяси диалогтің қайтадан жандануы екенін айтты.

Ресми сапармен Түркияға келген Израиль президенті Ицхак Герцогті Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алған Ердоған әріптесімен оңаша және делегациялар арасында кездесу өткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Ицхак Герцогтің тарихи сапарының Түркия-Израиль қарым-қатынастарында жаңа бір бұрылыс кезеңі болатынына сенетінін тілге тиек етті.

Түркияның Израильмен ортақ нысанасының екі ел арасында ортақ мүддені негіз еткен, өзара сезімталдыққа құрмет көрсетілетін саяси диалогтің қайтадан жандануы екенін айтқан Ердоған:

"Аймағымызда бейбітшілік, тыныштық пен бірге өмір сүру мәдениетінің қайта жандануына есе қосу біздің қолымызда" деді.

Түркия-Израиль қарым-қатынастарының дамуы мен күшеюі екі ел үшін болғанындай, аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілік үшін де маңызды екенін айтқан Ердоған:

"Палестина мәселесіндегі сезімталдығымызды ашық бөлістік, екі елді шешімге мән беретінмізді жеткіздім" деді.

Кездесуде Түркияның Иерусалимнің мәртебесі және Ақса мешітінің діни бейнесі мен қасиетінің қорғалуының маңыздылығына  назар аударған Президент:

"Алдағы кезеңнің екі жақтылы қарым-қатынастар тақырыбында аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан тың орайлар жарататынына сенемін" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Ицхак Герцогке Израильмен энергия және энергия қауіпсіздігі жобаларында ынтымақтастыққа дайын екенін айтқанын тілге тиек етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Сыртқы істер министріміздің Палестина мен Израильге жасайтын сапары, артынан Энергия және Табиғи байлықтар министріміздің Израильге сапарына мән беремін" деді.

Израиль президенті Ицхак Герцог мақсаттарының екі ел мен халқының достық байланыстарын дамытуға негіз қалау екенін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар