"Bayraktar TB3" әскери төңкеріс жасайды

"Bayraktar TB3  кемеден кемеге өздігінен қону және көтерілу мүмкіндігіне ие болады” деді.

1792001
"Bayraktar TB3" әскери төңкеріс жасайды

Түрік қарулы ұшқышсыз ұшу аппараттарын  өндіруші Baykar Teknoloji компаниясының басшысы Селчук Байрактар ​​Bayraktar TB3  пен әскери ұшқышсыз ұшақтар жүйесінің (MİUS) соғыс тарихында төңкеріс жасайтынын айтты.

Селчук Байрактар ​​Гебзе техникалық университетінде студенттермен кездесті.

Түркияның ұшқышсыз әуе аппараттары өндірісіндегі табысын түсіндірген Байрактар ​​Әзербайжанның Армениядағы жерлерін құтқару операциясының бетбұрысы болғанын білдірді.

Болашағынан үміт күттіретін жаңа жобалар туралы айта келе Селчук Байрактар: «Егер Bayraktar TB3 және MIUS бір күні іске қосылса, біздің TB2-лер эскадрилья күйінде ұшу арқылы соғыс тарихында парадигманың өзгеруіне қалай себеп болған болса, жаңа аппараттар да төңкеріс жасайды. Bayraktar TB3  кемеден кемеге өздігінен қону және көтерілу мүмкіндігіне ие болады” деді.

Түркияның алғашқы ұшқышсыз әскери ұшағы 2023 жылы аспанда болатынын айтқан Байрактар ​​қазіргі уақытта «Байкардың» әлемде ең көп елге ұшқышсыз аппарат экспорттаған компания екенін білдірді.

«Түркия бұл салада әлемдегі алғашқы үштікте деп айта аламын. 19 елмен экспорттық келісім-шартқа қол қойылды. Сұраныстың көбі экспортқа шығарылды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар