Түркия MIKTA кезекті төрағалығын қабылдап алды

Түркия MIKTA (Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия және Австралия ) кезекті төрағалығын Австралиядан қабылдап алды.

1791043
Түркия MIKTA кезекті төрағалығын қабылдап алды

Видео конференция әдісімен өткізілген 20-шы Министрлер жиналысына Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысты. 

Чавушоғлу Twitter-дегі парақшасында Түркияның жиналыста MIKTA кезекті төрағалығын Австралиядан қабылдап алғанын білдірді. 

Соңғы бір жылда жүргізілген ортақ жұмыстар қолға алынған жиналыста Түркияның кезекті төрағалығында атқарылатын жұмыстар және Украинадағы оқиғалар талқыланды. 

Министр Чавушоғлу "Жаһандық бейбітшілік және тұрақтылыққа қосқан үлесімізді анықтадық" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар