Түркия Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды

Ердоғанның төрағалығымен өткен қауіпсіздік саммиті аяқталды.

1784594
Түркия Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды

Ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенде президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен қауіпсіздік саммиті аяқталды.

Президенттік байланыс басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда саммитте Ресейдің Украинаға әскери операциясы талқыланды.

Саммитте Минск келісімдерін бұзған Ресейдің бұл шабуылының халықаралық құқыққа қайшы және қабылданбайтыны айтылды.

Жиналыста сонымен бірге аймақтық және дүниежүзілік қауіпсіздікке де қауіп төндіретін бұл шабуылды тоқтату үшін Ресей мен халықаралық платформалар тарапынан көтерілетін алатын бастамалар талқыланды.  Түркияның Украинаның саяси бірлігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастыратыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар