Түркия Ресейді айыптаған мәлімдеме жариялады

Ресей Федерациясын осы әділетсіз және заңсыз әрекетін жылдам тоқтатуға шақырамыз.

1784545
Түркия Ресейді айыптаған мәлімдеме жариялады

Түркия Ресейдің Украинаға бағатталып басталған әскери операциясының қабылданбайтынын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде мыналар жазылды:

"Бұл шабуыл Минск келісімінің күшін жойып қана қоймай, халықаралық құқыққа жасалған шабуыл және аймағымыз бен әлемнің қауіпсіздігіне ауыр соққы болып табылады.

Мемлекеттердің территория тұтастықтары мен егемендігіне құрмет көрсетілуі керектігіне сенетін Түркия  шекаралардың қару арқылы өзгертілуіне қарсы.

Ресей Федерациясын осы әділетсіз және заңсыз әрекетін жылдам тоқтатуға шақырамыз. 

Украинаның саяси бірлігі, егемендігі мен территория тұтастығына қолдауымыз жалғасады."



Ұқсас жаңалықтар