Ислам дұшпандығына қарсы нақты қадам басуға шақырды

MIKTA 7-ші Парламент басшылары жиналысы видеоконференция әдісімен өткізілді.

1774642
Ислам дұшпандығына қарсы нақты қадам басуға шақырды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп соңғы жиырма жылда Ислам дұшпандығының ең көп таралған нәсілшілдік түріне айналғанын айтты.  Ол Құрлықтар арасы экономикалық ынтымақтастық MIKTA парламент төрағаларын жікшілдік, нәсілшілдік, Ислам дұшпандығына қарсы нақты қадам басуға шақырды.

Мексика, Индонезия, Түркия және Австралия мүше болып табылатын MIKTA 7-ші Парламент басшылары жиналысы видеоконференция әдісімен өткізілді. Жиналыста MIKTA кезекті төрағалығы Түркияға тапсырылды.

«Демократияға қолдау беретін ықпалды парламенттер» деген атпен өткен жиналысқа Түркия мәжілісі басшысы Шентоп та қатысты.  Ол бүкіл әлемге қауіп төндірген дезинформация, жек көрушілік, нәсілшілдік секілді тақырыптарда халықаралық келісімнің жүзеге асырылуы үшін шақыру тастады.

Ислам Ынтымақтастық ұйымының 15 наурыз күнін «Исламофобиямен күрестің халықаралық күні» деп жариялағанын еске салған Мұстафа Шентоп: «Қазір ИЫҰ Парламент одағының кезекті төрағасы ретінде халықаралық қоғамның осы күнді тануы және атап өтуі тақырыбы маңызды деп ойлаймын» деді.

Ол көш тақырыбының да жаһандық шешім күтіп отырған жедел мәселе екенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар