Түркияда халық саны 84 миллионнан асты

Түркияның жан саны бір миллион адамға артты.

1773419
Түркияда халық саны 84 миллионнан асты

Түркияның жан саны былтырмен салыстырғанда бір миллион адамға артты.

Түркияда өмір сүретін халық саны 2020 жылмен салыстырғанда 1 миллион 65 мың 911 кісіге артты.  Халық саны 84 миллион  680 мың 273 кісіге жетті.

Түркия Статистика мекемесі «Адреске сай халық саны 2021» есебінің қорытындысын жариялады.

Осыған сәйкес 2020 жылы 83 миллион 614 мың 362 кісі болған ел халқы былтыр  1 миллион 65 мың 911 кісіге артып,  84 миллион  680 мың 273 адам санына жетті.

Елдегі халық арасында еркек тұрғындардың мөлшері 50,1 пайыз.  (42 миллион 428 мың 101 адам)

Әйелдердің көрсеткіші 49,9 пайыз.  (42 миллион 252 мың 172 адам)

Елдегі жылдық халық саны арту жылдамдағы 2020 жылы мыңда 5,5 болса, 2021 жылы мыңда 12,7-ге жетті.

Қала және аудандық жерлерді тұратындардың көрсеткіші 2020 жылы  93 пайыз болса,   2021 жылы 93,2 пайызға көтерілді.

Ауылдық жерлерде тұратын халық саны 7 пайыздан 6,8 пайызға азайды.



Ұқсас жаңалықтар