"Қыс бүркіті" операциясы табыспен аяқталды

Министр Акар Анкарада Әуе күштері қолбасшылығында мәлімдеме жасады.

1772179
"Қыс бүркіті" операциясы табыспен аяқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Қыс бүркіті» операциясында террористтерге тағы бір рет ауыр соққы берілгенін білдірді.

Министр Акар Анкарада Әуе күштері қолбасшылығында мәлімдеме жасады.  Ол әскери ұшақтардың Ирак және Сирияның солтүстігінде террористтердің Дерик, Синжар және Каражактағы бекіністерін бомбалағанын айтты. «Қыс бүркіті» операциясын табыспен аяқтадық» деді ол.

«Біздің мақсатымыз 84 миллион азаматымыздың және шекарамыздың қауіпсіздігін қамдау» деген министр былай жалғастырды: «Осы аяда Ирак пен Сирияның солтүстігінде террористтердің бекіністеріне жүзеге асырылған операция мұқият жоспарланды. Табысты түрде атқарылды.  Барлық ісімізде болғаны секілді осы операцияда да әрі жоспарлауда, әрі атқаруда жазықсыз адамдарға және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық шараны қабылдадық.

Террористтердің баспана, қойма, үңгір, туннель, дайындық орталықтары, штабтары нысанаға алынды. Тек террористтердің бекіністері нысанаға алынды. Олардың баспаналары, індері қирады.  Террористтер тағы бір рет Түрік Қарулы күштерінің демін өз еңселерінде сезді. Олар құлдырағандарын байқады»

Министр Акар «Қыс бүркіті» операциясында көптеген террорист залалсыздандырылды. Нәтижені жақыннан бақылап отырмыз. Алдағы күндері нақты қорытындыны барлау ұйымдары және басқа да каналдардан аламыз» деді.

Министр осы операцияда терроризмнен іздеу салынғандар тізімінің барлық категориясындағы көптеген террористің залалсыздандырылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар