Сирия мен Иракта барлығы 17 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.

1754156
Сирия мен Иракта барлығы 17 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-лық 9 террорист залалсыздандырылды.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Ұлттық барлау ұйымы мен Түрік қарулы күштері Гарада ортақ операция жүргізді.

Операцияда 9 PKK/KCK-лық террорист залалсыздандырылды.

Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында болса миномет және зымыран шабуылы жасаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 8 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Евфрат қалқаны операциялық аймағына миномет және көп ұңғылы зымыран тасығыштары арқылы зымыран шабуылы жасаған PKK/YPG-лік террористтерге қорғаныс күштері тарапынан қатаң жауап қайтарылды. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 8 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылып, қолданған қару-жарақ көліктері жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар