Ердоған Роберт Фицоға жасалған шабуылды айыптады

рдоған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған шабуылды айыптап, тезірек сауығып кетуін тіледі.

2140225
Ердоған Роберт Фицоға жасалған шабуылды айыптады

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған шабуыл ел халқы мен билігін қатты күйзелтті. Дәрігерлер үкімет басшысының өмірі үшін күресіп жатыр.

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасаудың мән-жайын анықтаған алғашқы тергеу қылмыстың саяси себептерін көрсетеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған шабуылды айыптап, тезірек сауығып кетуін тіледі.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандық әрекетті қатаң айыптаймын және шабуылда жарақат алған Фицо мырзаның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Елім және ұлтым атынан Словакия халқына және үкіметіне ең жақсы тілектерімді білдіремін» деді.

Роберт Фицо кеше Министрлер кеңесі отырысынан кейін жасалған қастандық кезінде жараланып, ауруханаға жатқызылған еді.



Ұқсас жаңалықтар