Түркия Арменияға арнайы өкіл тағайындайды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БАӘ-де мәлімдеме жасады.

1748322
Түркия Арменияға арнайы өкіл тағайындайды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Сердар Кылычтың Арменияның арнайы өкіл болып тағайындалатынын мәлімдеді.

Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) кездесуінің артынан баспасөзге мәлімдеме жасады.

Ердоғанның БАӘ сапарына қатысты жұмысының басталғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Құрметті президентіміздің 14-15 ақпан күндері арасында жүзеге асатын сапарын жоспарлап отырмыз. 15 ақпан күні Expo-2020 көрмесінде Түркия ұлттық күні іс-шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі осында сұхбаттастарымызбен кездестік» деді.

Чавушоғлу Армениямен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру аясында өзара оң мәлімдемелер жасалғанын атап «Әрбір тақырыпта Әзербайжанмен ақылдасып, оларды хабардар етіп, бұл қадамдарды басамыз. Әзербайжаннан бөлек қозғала аламыз ба деген сұрақтарды ешкім қоюшы болмасын. Бір ұлт, екі мемлекетпіз. Бұл бәрімізге пайда әкелетін бастама» деді.

Сенімді қадамдар жасау қажеттігін атап көрсеткен Чавушоғлу «Бір жағынан Әзербайжан мен Армения арасында сенім орнату үшін қадамдар басылуда, екінші жағынан Әзербайжан мен Армения арасындағы өзіміз бен Армения арасында сенімді нығайтуға қадамдарды қадар басуды жөн көрдік. Президентіміздің мақұлдауымен Вашингтондағы бұрынғы елшіміз Сердар Кылычты арнайы өкіл етіп тағайындаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар