Сыртқы істер министрі бангладештік әріптесімен бас қосты

Кездесуде Түркия-Бангладеш қарым-қатынастары мен ынтымақтастық жобалары талқыланды.

1746440
Сыртқы істер министрі бангладештік әріптесімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Бангладеш Сыртқы істер министрі Абдул Моменмен Түркия-Бангладеш қарым-қатынастары мен ынтымақтастық жобаларын талқылады.

Мевлүт Чавушоғлу Твиттер аккаунтындағы хабарламасында кездесу туралы «Бангладештің негізін қалаушы президент Бангабандху Шейх Мучибур Рахманның Анкарадағы мүсіні мен оның есімімен аталатын саябақтың ашылуын жасайтын Бангладеш Сыртқы істер министрі Абдул Моменді күттік» деп мәлімдеді.

Чавушоғлу әріптесімен бас қосуында Түркия-Бангладеш арасындағы өзара қарым-қатынастары мен ынтымақтастық жобаларын бағалағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар