Түрік әскері Әзербайжанда міндетін жалғастырады

Осыған байланысты құжат қабылданды.

1732342
Түрік әскері Әзербайжанда міндетін жалғастырады

Түрік әскерінің Әзербайжандағы міндет мерзімін тағы бір жылға созу жөніндегі құжат мәжілісте қабылданды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне президент Режеп Тайып Ердоғанның қолтаңбасымен кеше жіберілген құжатта Әзербайжан, Армения және Ресей тарапынан 2020 жылдың 9 қараша күні қол қойылған «Үштік декларацияда» аймақтағы тұрақтылықтың қорғалуы мақсатымен көзделген істердің жалғасып жатқаны айтылды.

Сонымен бірге халықаралық құқық пен заңды егемендік құқықтары негізінде территория тұтастығын да қосқанда барлық құқықтардың қорғалуы үшін процестің басынан бері Әзербайжанға мықты қолдау берген Түркияның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығайтылуы және осыны жеңілдететін түрде экономикалық инфрақұрылымның қамдалуы үшін маңызды істер атқарылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар