Ердоған Түркияның жігері асқақ екенін айтты

Ердоған бүгінге дейін 81 уәлаятта 66 миллион текшеметр алаңға ие 404 ұлттық саябақ жобасын жасағандарын айтты.

1730040
Ердоған Түркияның жігері асқақ екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Еліміздің абыройын түсіруге талпынған опасыз әрекеттерді асқақ ұлттық жігеріміз және батыл күресімізбен жеңдік" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдың Үмрание ауданындағы ұлттық саябақтың беташар рәсіміндегі сөзінде қызметке ашылған ұлттық саябақтың халық дәмханасы, тамашалау террасасы, велоципед және жүру жолдары, балалар ойын алаңы, спорттық алаңдар, сейілдеу алаңдары, жеміс-жидек пен көкөніс бақшалары және басқа көптеген ерекшеліктерімен барша азаматтарға қызмет беретінін айтты.

Ердоған бүгінге дейін 81 уәлаятта 66 миллион текшеметр алаңға ие 404 ұлттық саябақ жобасын жасағандарын айтып:

"Мұның 111-і қызметке ашылды. Нысанамыз 2023 жылы 404 ұлттық саябақты толық қызметке ұсыну" деді. 

Ең ірі жобаның Ататүрік әуежайы алаңында жасалатын 7.7 миллион текшеметрлік ұлттық саябақ екенін айтқан Ердоған:

"Ататүрік әуежайы алаңында жасалатын ұлттық саябақ әлемде алғашқы орынды иелейді" деді.

Ердоған:

"Еліміздің абыройын түсіруге талпынған опасыз әрекеттерді асқақ ұлттық жігеріміз және батыл күресімізбен жеңдік" деді.

Инвестиция, өндіріс және жұмысқа орналастыруға тоқталған Президент:

"Батыл шешімімізбен Еуропаны және әлемді таңырқаттық. Біздің жасайтындарымызға қайран қалады" деп көрсетті.

Климат дағдарысына тоқталған Ердоған:

"Дүниежүзі климат өзгерістері қаупіне қарсы сасқалақтаған бір кезеңде біз жасыл өркендеу төңкерісін жариялау арқылы  жаңа да тұрақты бір жол картасын белгіледік" деді.



Ұқсас жаңалықтар