Ирак пен Сирияда PKK-лық 5 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі операциялар туралы мәлімдеме жасады.

1727608
Ирак пен Сирияда PKK-лық 5 террорист залалсыздандырылды

Ирак пен Сирияның солтүстігінде кеше 5 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Ирактағы «Пенче Шимшек» және «Пенче Каплан» операциялық аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымына мүше 2 PKK-лық террорист залалсыздандырылды. Сондай-ақ Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында 2, «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймағында 1 PKK/YPG террорист өлтірілді.

Ішкі істер министрлігі болса PKK/KCK террор ұымынан қашқан 4 террористтің көндіру жұмыстары нәтижесінде қауіпсіздік күштеріне берілгенін жариялады.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда жалғасып жатқан көндіру жұмыстары нәтижесінде 2021 жылы қаруларымен берілген террорист саны 171-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар