Меркель Түркия туралы айтты

Меркель Түркияның Еуропаға заңсыз көшпен күресте Еуропа Одағы үшін маңызды рол ойнағанын білдірді.

1718450
Меркель Түркия туралы айтты

Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның Еуропаға заңсыз көшпен күресте Еуропа Одағы үшін маңызды рол ойнағанын білдірді.

Jüdische Allgemeine газеті Иерусалимде Ұлттық Қауіпсіздік зерттеулері институтына барған Меркельдің сөздеріне орын берді.

Меркель осында Түркия туралы бір сұраққа орай «Түркияны елемей кетуге болмайды.  НАТО-ға мүше Түркия Еуропаға заңсыз көшпен күресте Еуропа Одағы үшін орталық маңызда рол ойнайды. Түркияның үлкен мақсаттары бар және қатынастарға көңілі толмайды.  Негізгі тақырыптарда ұстаным өзгеше болса да, прагматикалық келісім табуымыз керек. Сөйлесуді тастамауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар