Министр Акар АҚШ пен филиппиндік әріптестерімен әңгімелесті
Әңгіме барысында өзара қорғаныс тақырыптарының қолға алынғаны білідірілді.
Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Остин арасындағы әңгіме барысында екіжақты және аймақтық қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық тақырыптары туралы пікір алмасылды.
Акар мен Остин тығыз ынтымақтастық пен үйлестіру арқылы екі ел арасындағы әскери қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Хулуси Акар Филиппин Қорғаныс министрі Дельфин Н.Лорензанамен де телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында өзара аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне қоса қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы тақырыбында пікір алмасылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс төрағасы Иран халқына көңіл айтты
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.