Ердоған "Жастардың болашағына сезімталдықпен қараймыз"

Президент Ердоған Нью-Йорктағы жаңа Түрікүйі ғимаратында TURKEN фондының делегациясын қабылдады.

1708443
Ердоған "Жастардың болашағына сезімталдықпен қараймыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған «ДАИШ, PKK, FETÖ қайсысы болса да біздің террорлық ұйымдарға беретін бір перзентіміз жоқ» деді.

Президент Ердоған Нью-Йорктағы жаңа Түрікүйі ғимаратында TURKEN фондының делегациясын қабылдады. Ол өз билігі барысында жастармен жүргізілген іс-шараларға осы көзқараспен қарағандарына назар аударды. «Жастарымыздың жақсы жетілуі үшін ешбір пидақорлықтан қашпадық. Мемлекетіміздің органдарының стипендиялары және көмектерінен фондтарымыздың қолдауына дейін барлық мүмкіндікті бердік. TURKEN фонды да істеген істерімен әрі өз жастарымызға,  әрі еліміз бен Түрік-Америка қоғамының болашағына инвестиция салып отыр» деді ол.

Президент сөздерін былай жалғастырды: «ДАИШ, PKK, FETÖ қайсысы болса да біздің террорлық ұйымдарға беретін бір перзентіміз жоқ. Біле тұра немесе байқамастан осы ұйымдардың тұзағына түскен, біз жете алмаған әрбір перзентіміздің қайғысын жүрегімізде сезінеміз».

Президент Ердоған артынан Түркия-АҚШ Бизнес кеңесң тарапынан АҚШ бизнес әлемі өкілдерінің қатысуымен өткізілген жиналыста сөз сөйледі. Ол Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында тек сауда-экономика емес,  қауіпсіздіктен терроризмге, қорғаныстан инвестицияға созылған ауқымды салада ынтымақтастық мүмкіндіктері бар екенін меңзеді. «Түркия мен АҚШ екі мықты стратегиялық серік және 70 жылдық одақтас. Бұл өте ерекше және мықты негізде қаланған ынтымақтастығымыз көптеген жылдан бері әлемнің түрлі аймағында бейбітшілікке, тұрақтылыққа және қауіпсіздікке үлес қосып келеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар