Президент Исламофобияның кең тарағанын айтты

Ол адам баласы ретінде коронавируспен бірге одан да қауіпті бір вируспен күресіп жатқандарын білдірді

1707914
Президент Исламофобияның кең тарағанын айтты
erdogan abd musluman toplumu.jpg
erdogan abd tasc1.jpg
erdogan abd tasc.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Исламофобияның бейбітшілікке қауіп төндіретін жағдайға келгенін айтты.

БҰҰ-ның 76-шы Бас ассамблеясы үшін Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына барған президент Түрік-Америка Ұлттық бағыт беру комитетінің конференциясында сөз сөйледі.

Ол адам баласы ретінде коронавируспен бірге одан да қауіпті бір вируспен күресіп жатқандарын білдірді. «Осы вирустың аты – Ислам дұшпандығы вирусы. Көптеген жылдар бойы демократия және еркіндіктердің бесігі ретінде көрсетілген елдерде осы вирус жылдам тарауда.  Ислам дұшпандығы мен шетелдіктерге дұшпандық бүгінгі күні саясатты тұтқынға алды. Мұсылмандардың күнделікті тұрмысына қиындық тигізетін, мемлекеттік саясаттарға бағыт беретін, әлеуметтік бейбітшілікке қауіп төндіретін жағдайға келді» деді ол.

Ол осы ағымның түсінік жағынан ДАИШ террорлық ұйымынан бір айырмашылығы жоқ екенін баса айтты. Президент көптеген елде нанымы,  діні, тілі, аты және киіміне байланысты мұсылмандардың шеттетілгенін білдірді.

Президент Ердоған әрі үкіметтік емес ұйымдар арқылы,  әрі жекеше түрде осы дұшпандықпен күрес жүргізілгенін айтып, бұған риза екенін білдірді. «Мол тәжірибеміз арқылы жек көрушілік қылмыстары мен мәдени нәсілшілдікпен күреске одан да көп үлес қосуымыз өте маңызды.  Түркия ретінде біз де халықаралық платформаларда Исламофобия және толерантсыздықпен күресте жетекші рол ойнаймыз» деді ол.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарындағы мұсылман қоғамының басшыларын да қабылдады.  Кездесу баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар