Президент жастармен поэзия кешінде бас қосты

Президент Ердоған жастарға арналған «Адал әлем мүмкін» кітабына қол қойды.

1705614
Президент жастармен поэзия кешінде бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған жастарға арналған «Одан адал бір әлем мүмкін» атты кітабына жастар үшін қол қойды.

Президент Ердоғанның кеше Кахраманмараш қаласына жасаған сапарының артынан қатысқан «Жеті жақсы адам» атты мұражайда болып өткен «Жастармен поэзия кеші» бағдарламасының көріністері бөлісілді.

Бағдарламаның ашылу салтанатында сөйлеген Ердоған өте керемет бір мекен-жайда бас қосқандарын атап, «Мараш - әдебиетпен, поэзиямен және халық әндерімен аталатын қала. Сөзсіз әлемге және адамзатқа айтары бар адамдар үшін әдебиет пен әсіресе поэзия ең дұрыс әдіс» деді.

«Өлеңнің сөз мағынасы - бір нәрсені ұсақ-түйегін түсіну, білу, оны үйлесімді түрде білдіру. Кездейсоқ бірінен соң бірі келетін немесе келтірілген сөздер өлең емес. Өзіңізді жүрегіңізді, рухыңызды, ортаға қойып, еңбектенген соң поэзия пайда болсын» деген Ердоған түрік әдебиетінің ең көне шығармаларының ішінде өлеңдердің өте маңызды орын алатынын айтты.

Ердоған жастарға ақылын айтып, «Сіздің рухыңызды, адамгершілік пен әлемге деген сезіміңізді қоршайтын,  ақындардың өнерлерін жүрегіңіздің төрінде сақтаңыз» деді.

Бір жастың «Сіз өлең жазасыз ба? Әйеліңіз Эмине Ердоғанға өлең жаздыңыз ба немесе оқыдыңыз ба?» деп қойған сұрағына Ердоған «Сіз өте қиын сұрақ қойдыңыз. Өкінішке орай мен өлең жазбаймын, бірақ өлең оқимын. Әйеліммен поэзия сияқты бір өміріміз бар» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар