Президент Драгимен сөйлесті

Драги Ердоғанды G-20 тобының Лидерлер саммитіне шақырды.

1704902
Президент Драгимен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Марио Драгимен телефонда сөйлесті.

Ердоған қарсы тараптың ұсынысымен болған телефон әңгімесінде НАТО-дағы одақтасы Италиядан Түркияның екі жақты қатынастарға деген құрметіне сай жауап күтетіндерін білдірді. Ол Италияның Түркия мен ЕО қатынастарының жетілдірілуіне және мүшелік процесіне байланысты қолдауының жалғасатынына сенетінін айтты. Ердоған Кеден Одағының жаңалануы үшін келіссөздің тез арада бастауының баршаға пайдалы болатынын, Босқын келісімінің де жаңалануы керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған сонымен бірге Ауғанстанда билікке Талибанның келуімен жаңа жағдай ортаға шыққанын, гуманитарлық көмектің жеткізілуі үшін Талибанмен байланысты жалғастыру керектігін айтты.

Италия премьер-министрі президент Ердоғанды G-20 тобының қазан айында Римде өтетін Лидерлер саммитіне шақырды.



Ұқсас жаңалықтар