Ердоған экономикалық өсуге тоқталды

Ердоған: "Жылдың алғашқы ширегінде 7.2 пайыз, екінші ширекте 21.7 пайыз өсуге қол жеткіздік. Түркия әлемде Ұлыбританиядан кейінгі 2-ші орынды иеледі." деді.

1703544
Ердоған экономикалық өсуге тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия экономикасында жылды 9 пайыздық артумен аяқтауды үміт еткендерін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Жаңа типті коронавирус індеті себепті өткен жылы әлемнің экономикалық жақтан ауыр күндер өткізгенін айтқан Ердоған осы қиын кезеңде Түркияның ерекше табысқа жеткенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"2020 жылы 1.8 пайыз артумен Үлкен-20 елдері арасында табысты болған елдің біріне айналдық. Түркия экономикасы жаһандық дағдарыстан бері іш пен сыртта қиыншылықтарға қарамай өсуді жалғастырды. 

Жылдың алғашқы ширегінде 7.2 пайыз, екінші ширекте 21.7 пайыз өсуге қол жеткіздік. Түркия әлемде Ұлыбританиядан кейінгі 2-ші орынды иеледі." деді.

Рекорд жаратқан экспорттың тамызда 207 миллиард доллардан асқанын айтқан Ердоған халықаралық резервтердің де артқанын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркияға ұзақ болса да, экспорт мүмкіндігі жоғары елдермен экспортты арттыру үшін ұзақ елдер стратегиямызды кеңейтеміз. Шетелдегі логистикалық орталықтар арқылы экспортшылардың нарыққа шығуын жылдамдатамыз" деп көрсетті.

"Өсу-Түркияның нысанаға жетудегі негізгі шарты" деген Ердоған:

"Биыл 9 пайыздық өсуге жетуді үміт етеміз. Экономиканың жылдық 5.3 пайыз өсуін күтудеміз" деді.  



Ұқсас жаңалықтар