Президент Малазгирт жеңісі 950 жылдығына орай Ахлатқа барды

Ердоған Малазгирт жеңісінің 950 жылдығы аясында өткен мерекелік іс-шарада үн қатты.

1697217
Президент Малазгирт жеңісі 950 жылдығына орай Ахлатқа барды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Енді ешкімнің, ешбір биліктің немесе күштің еліміз, ұлтымыз және жастарымызға зиян келтіруіне жол бермейміз» деді.

Ердоған Битлистің Ахлат ауданында Малазгирт жеңісінің 950 жылдығы аясында өткен мерекелік іс-шарада үн қатты.

Президент Ердоған «2023 нысаналарымен елімізді демократия мен лайықты даму деңгейіне жеткізу үшін бар күшімізді салдық» деді.

Ердоған «2053 және 2071 жылдарына арналған жоспарлар бойынша Түркияны барлық жағынан әлемдегі ең мықты елдердің қатарына қою міндетін мұра қалдырамыз» деді.

«Енді ешкімнің, ешбір биліктің немесе күштің еліміз, ұлтымыз және жастарымызға зиян келтіруіне жол бермейміз» деген Ердоған Түркияның өз аймағы және әлемде барлық маңызды мәселелерде өз пікірін білдіретін елге айналғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар