Түрік және Әзербайжан әскерлері Кабулда міндет атқаруда

Кабулда халықаралық әуежай мен айналасын түрік және Әзербайжан әскерлері қорғауда.

1695214
Түрік және Әзербайжан әскерлері Кабулда міндет атқаруда

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда елден кеткісі келгендер күткен «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежай мен айналасында Түрік және Әзербайжан әскерлері иық тірестіріп қызмет атқаруда.

Талибан бақылауға алған Кабулдағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайда эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Кабулда түрік және Әзербайжан әскерлері әуежай мен айналасында түріктерді эвакуациялау жұмыстарын бірге атқаруда.

Әуежайдың қауіпсіздігі үшін 24 сағат бойы күзет жасаған Әзербайжан әскерлері түрік қауіпсіздік күштерімен бірге мұқтаждарға көмектесуде.

Өткен апта жексенбі күні бас қала Кабулды қоршап алған Талибан қозғалысы мемлекет басшысы Ашраф Ғанидің елден кетуі және үкімет күштерінің бас қаладан шығуымен қаланы қақтығыссыз алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар