Сыртқы істер министрі әріптестерімен сөйлесті

Телефон әңгімелерінде Ауғанстанда тақырыбы талқыланды.

1692256
Сыртқы істер министрі әріптестерімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман әл Сани және Хорватия Сыртқы істер және Еуропа істері министрі Гордан Крлик Радманмен телефон арқылы сөйлесті.

Чавушоғлу әріптестерімен телефон әңгімесінде Ауғанстандағы соңғы жағдайды қолға алды.

Америка Құрама Штаттары мен Талибан арасында 2020 жылдың ақпан айында бейбітшілік келісімі шеіберінде халықаралық күштердің Ауғанстаннан кету процесі басталған болатын. Келісімге сәйкес шетелдік күштерге шабуыл көзделмеді.  Ауған үкіметімен Катардағы келіссөзді жалғастырған Талибан сонымен бірге маусым айынан бері елдегі маңызды орталықтарды басып ала бастады.

Алдынғы күні бас қала Кабулды қоршаған Талибан президент Ашраф Ғани елді тастап шыққаннан кейін осы жерде де бақылауды өз қолына алды.



Ұқсас жаңалықтар