Су тасқынында қаза тапқандар саны 70-ке көтерілді

Қаратеңіз аймағында болған су тасқынында іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

1691534
Су тасқынында қаза тапқандар саны 70-ке көтерілді

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) Кастамонуда 60, Синопта 9 және Бартында 1, барлығы 70 адамның апат салдарынан қаза тапқанын жариялады.

Мәлімдемеде 8 адамның да ауруханаларда ем қабылдағанын атап көрсетті.

Су тасқынынан кейін Бартынның Улус ауданынан 341, Кастамонуда 1480, Синоптың Аянджык ауданы мен аумақтарында 560 адамның эвакуацияланғаны білдірілді.

Апаттан зардап шеккен 3 қалада да іздеу құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар