15 жастан үлкен балаларға вакцина салынады

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа шешімдер қабылдады.

1691899
15 жастан үлкен балаларға вакцина салынады

Түркияда 15 жастан үлкендер мен созылмалы ауруы бар 12 жастан үлкен балаларға ковид вакцинасы салынады.

Коронавируспен күрес шеңберінде ел көлемінде вакцинация бағдарламасы бар қарқынымен жүріп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиямен күрестің ықпалды түрде жалғасуы үшін ковид вакцинасының компонент саны және жас аралығы тақырыптарында жаңа шешім қабылдады.

Осы шеңберде 15 жастан үлкен және созылмалы ауруы бар 12 жастан үлкендерге вакцина салғызу мүмкіндігі беріледі.

Медицина саласында жұмыс істейтіндер мен арнайы топтағы азаматтарға төртінші компонент салу мүмкіндігі берілді.

Айырықша шетелде BioNTech вакцинасы талап етілгендіктен,  екі компонент Sinovac және бір компонент BioNTech салғызғандарға төртінші компонент салуға рұқсат берілді.

PCR тесті позитив шыққан кісілер бұдан бұрын аурудан сауыққаннан 3 айдан кейін вакцина салғызатын еді.  Жаңа шешім бойынша бұл мерзім 1 айға ауыстырылды.



Ұқсас жаңалықтар