Президент Ердоғаннан Талибан мәлімдемесі

Ердоған кеше кешке қатысқан тікелей эфирде күн тәртібін бағалады.

1689791
Президент Ердоғаннан Талибан мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ауғанстандағы ілгерілеуін жалғастыратын Талибанмен байланыс сигналы... 

Президент Ердоған: «Талибанмен кейбір келіссөздер үшін тиісті мекемелеріміз жұмыс үстінде. Тіпті олардың көшбасшысы болатын адамды бәлкім қабылдай аламын» деді. 

Ердоған кеше кешке қатысқан тікелей эфирде күн тәртібін бағалады. 

АҚШ әскерлерінің мамыр айынан бастап, осы айдың соңында аяқталуы күтілген кері шегіну процесінің артынан Талибанның ілгерілеуі басталған Ауғанстанға қатысты Ердоған «Егер біз оларды (Талибанды) бақылауға алмасақ, Ауғанстанда бейбітшілікті сақтауымыз мүмкін емес» деді. 

«Катармен кеше кешке сөйлестім. Талибан басқан қадамдарды қайда тоқтата аламыз, бейбітшілікке қайдан қадам жасай аламыз?» деген Ердоған елдеріндегі Талибан ілгерілеуінен қашып, Түркияны паналаған ауғандармен байланысты «Әрі Иран қақпасындағы, әрі Ирак қақпасындағы қауіпсіздік қабырғаларын биіктігін көтеріп жатырмыз. Мұнда көтерілетін қабырғалар тұрақсыз көш елімізге келмей тұрғанда алдын алу үшін қажет» деді. 

Ердоған сондай-ақ ұсталған ауған мигранттардың едәуір бөлігінің жауапты мекемелер тарапынан қайтадан Ауғанстанға қайтарылғанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар