Ердоған су тасқыны аймақтарын мұқият қадағалауда

Президент Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда мемлекеттің барлық мүмкіндігімен жұмылдырылғанын атап көрсетті.

1690102
Ердоған су тасқыны аймақтарын мұқият қадағалауда

Президент Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда мемлекеттің барлық мүмкіндігімен жұмылдырылғанын атап көрсетті.

Ердоған Бартын, Синоп және Кастамону қалаларынан бастап, Қаратеңіз аймағында нөсер жауын салдарынан су тасқыны мен топырақ көшкінінің артынан жасалған жұмыстарды мұқият қадағалап отыр.

Президенттік Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда президент Ердоған өзінің тапсырмасымен су басқаны болған аймақтарда барған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Қоршаған орта және қала министрі Мұрат Қурум мен Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлумен үнемі әңгімелесіп, аймақтағы жағдай, эвакуациялық жұмыстар мен жаңалықтар туралы дәл кезінде ақпарат алып отырады.

Президент Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы губернаторлар және әкімдермен де телефон арқылы сөйлесті. Ердоған мемлекеттің барлық мүмкіндіктерімен жұмылдырылғанын және азаматтардың жанында екенін атап көрсетті.

Су тасқынынан қаза тапқан азаматтарға Алланың рақымын тілеген Ердоған су тасқынынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Кастамонуда су тасқыны салдарынан 6 адам қаза тапса, Бартында 1 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Аталмыш 3 қалада 616 адам эвакуацияланды.



Ұқсас жаңалықтар