Ердоған Ауғанстан және Иран басшыларымен сөйлесті

Ердоған Ауғанстан президенті Ашраф Ғани және Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесті.

1689733
Ердоған Ауғанстан және Иран басшыларымен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ауғанстан президенті Ашраф Ғани және Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған Ғанимен кездесуінде Ауғанстанның өзіне лайықты бейбітшілік пен тұрақтылыққа тезірек қол жеткізуі үшін дос және бауырлас ауған халқына қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ердоған Реисимен телефон әңгімесінде болса өзін міндетке келуімен құттықтап, Түркия-Иран қарым-қатынастары мен аймақтық ынтымақтастықтың барлық салада күшейетініне сенгенін атап көрсетті.

Президент сонымен қатар орман өрттеріне ізгі тілектерін жеткізген Ауғанстан мен Иран басшыларына алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар