Ұлттық қорғаныс министрі Пәкістанға аттанды

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар ресми сапармен Пәкістанның бас қаласы Исламабадқа барды.

1688633
Ұлттық қорғаныс министрі Пәкістанға аттанды

Акар Пәкістанда Қорғаныс министрі Первез Хаттак, Қорғаныс және Өндіріс министрі Зобайда Джалал және Құрлық күштері қолбасшысы Камар Джавед Баджвамен бас қосады.

Кездесулерде екі елдің әскери, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығы талқыланбақ.

Ауғанстандағы соңғы оқиғалардың артынан аймақтық тақырыптардың да күн тәртібіне келетіні болжалуда.



Ұқсас жаңалықтар