TURKOVAC  вакцинасы Ағылшын және Delta штаммдарында 100 пайыз әсерлі

Өздарендели: "Вакцинаның жылдың соңына дейін дайын болатынын ойлаудамын" деді.

1688256
TURKOVAC  вакцинасы Ағылшын және Delta штаммдарында 100 пайыз әсерлі

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы Түркияда өндірілген TURKOVAC  вакцинасының Ағылшын және Delta штаммдарында 100 пайыз әсерлі екені білдірілді.

TURKOVAC вакцинасы жобасының басшысы Профессор доктор Айкут Өздарендели Кайсеридегі жиналыста студенттер мен журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ержиес университеті Вакцина жетілдіру орталығының да директоры Өздарендели университеттің TURKOVAC вакцинасы жайлы клиникалық жұмыстарды аяқтағанын және қолдануға мақұлдау алудың алдындағы үшінші сынақ жұмыстарының жалғасқанын айтты.

Өздарендели TURKOVAC вакцинасының әсері жайлы сұраққа:

"TURKOVAC вакцинасы Ағылшын штаммына қарсы 100 пайыз әсерлі болды. Тышқандарға жасалған сынақта да 100 пайыз әсерлі болғаны анықталды. Delta штаммы жайлы жұмыстар жалғасуда. Нақтылы нәтижесін алда жариялаймыз" деді.

Өздарендели: "Вакцинаның жылдың соңына дейін дайын болатынын ойлаудамын" деді. 



Ұқсас жаңалықтар