Мұстафа Шентоп ирандық әріптесімен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Ауғанстандағы босқын мәселесінен ең көп Түркия мен Иранның зиян көргенін айтты.

1686506
Мұстафа Шентоп ирандық әріптесімен кездесті

Иран Президенті Ибрахим Реисидің ант ішу рәсіміне қатысу үшін Тегеранға барған Шентоп ирандық әріптесі Мұхаммед Бакир Калибафпен кездесті. 

Мұстафа Шентоп "Екі ел арасындағы қарым-қатынастар аймақтық және хиһандық маңызға ие. Сондықтан қарым-қатынастардың деңгейін әр салада көтеру біздің міндетіміз" деді. 
Кездесуде Ауғанстандағы оқиғаларға да тоқталған Шентоп "Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық және босқын мәселесі Ислам елдерінің ортақ мәселесі болып табылады. Ауғанстандағы босқын мәселесінен ең көп Түркия мен Иран зиян көруде. Ауғанстанда тұрақтылықтың орнатылуы және босқын толқынының доғарылуы үшін ынтымақтастығымызды күшейтуіміз керек" деген сөздер қолданды. 
Парламенттер арасы қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталған Шентоп "Халықаралық парламенттер негізінде де біргеміз.  PKK  террор ұйымы аймақтық бір қауіп. Осы тұрғыдан алғанда террор ұйымдарына қарсы ынтымақтастығымызды тіпті арттыруымыз керек" деді. 
Иран Мәжіліс төрағасы  Мұхаммед Бакир Калибаф екі ел қарым-қатынастарының маңыздылығын түсіндіріп, "Бұдан кейін парламенттер арасындағы ынтымақтастығымызды ілгерілеткеніміз жөн. Экономикалық және саяси қарым-қатынастарымызды әр салада арттыруымыз керек" деген сөздер қолданды. 


 



Ұқсас жаңалықтар