Ердоған мен Әлиев сөйлесті

Әлиев бұдан бұрын жолданғандарға қосымша тағы 40 өрт сөндіру көлігінің жолға шыққанын білдірді.

1686888
Ердоған мен Әлиев сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті.

Әзербайжан президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Ердоғанға телефон шалған Әлиев Түркияның түрлі аймақтарында шыққан өртте қаза тапқандарға байланысты тағы бір рет көңіл айтты. Ол өрттің сөндірілуі үшін Түркияның жанында екендерін білдірді. 

Әлиев бұдан бұрын жолданғандарға қосымша тағы 40 өрт сөндіру көлігінің жолға шыққанын білдірді.  Осылайша Түркияда өртпен күрес үшін Әзербайжаннан жіберілген көлік санының 93-ке жететінін айтты.

Әлиев Түркияда әзербайжандық 510 қызметкер және бір тікұшақ пен бір ұшақ-амфибияның өртпен күреске қатысып жатқанын атап көрсетті. Ол арнайы дайындалған 200 өрт сөндірушіден тұратын тағы бір топ жіберуді ұсынды.

Президент Ердоған көңілі және көмегі үшін Әлиевке алғыс айтты.  Ол әзербайжандық өрт сөндірушілердің Түркиядағы өрт сөндіру істеріне жоғары қабілет және ұйымшылдықпен қатысқанын білдірді.

Әзербайжаннан келген көмектің Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластықтың бір көрсеткіші екенін білдірген Ердоған алғысын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар