ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Иранда

Мұстафа Шентоп Иранның 8-ші Мемлекет басшысы Ибрахим Реисидің ант ішу рәсіміне қатысады.

1686171
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Иранда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Иранның 8-ші Мемлекет басшысы Ибрахим Реисидің ант ішу рәсіміне қатысу үшін Иранға барды.

Мұстафа Шентопты Тегеран Мехрабад халықаралық әуежайында Иран Мәжілісі Тебриз депутаты Рухулла Мүтефеккир Азад пен Түркияның Ирандағы елшісі Дерья Өрс қарсы алды.

Түркия-Иран достық тобы төрағасы, Әділет және даму партиясының Ван депутаты Осман Нури Гүлачар мен Кутахья депутаты Исхак Газель де делегация құрамында орын алды.

Шентоп Иранның 8-ші Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мен парламент спикері Мұхаммед Бакир Калибафпен бас қосып, Мәжілістегі ант ішу рәсіміне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар